Ақмола облысында Жеңістің 80 жылдығына арналған "80 игі іс" патриоттық акциясы басталды
Ақмола облысында Жеңістің 80 жылдығына арналған "80 игі іс" патриоттық акциясы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл кеш бірнеше буын өкілдерін біріктіріп, тарихи жадыны сақтаудың және бейбітшіліктің құндылығын түсінудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашық аспан астында өткен концерт – ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған ардагерлерге деген шынайы ризашылықтың белгісі. Бүгінде сол батырлардың ісін еліміздің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері лайықты түрде жалғастырып келеді.
Мерекелік концерт аудандық полиция бөлімінің акт залында да өтті. Оған ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері, жергілікті соғыстарға қатысушылар, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжінің кадеттері, №7 орта мектептің оқушылары және жеке құрам қатысты.
"80 игі іс" акциясы аясында полицейлер қарттар үйлеріне, қиын жағдайдағы балалар мен азаматтарды қолдау орталықтарына барып, қайырымдылық шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр. Мұндай игі істер облыстың өзге де өңірлерінде өткізілетін болады.