Жетісу облысында есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті
Жетісу облысында есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласындағы “Жастар” спорт сарайында “Спорт – есірткіге қарсы” ұранымен “J LEAGUE” жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Жетісу облысында алғаш рет ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және есірткі сынды зиянды заттарға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Аталған іс-шараға 1200-ден астам жастар қатысты. Жобаның салтанатты ашылу рәсімінде Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов сөз сөйлеп, жастарды нашақорлықтың зияны туралы ескертті. Ол өз сөзінде есірткіге тәуелділік көптеген жастың тағдырын бұзып жатқанын атап өтіп, спорт пен салауатты өмір салтының артықшылықтарын атап өтті.