Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері сенбілік өткізді

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері сенбілік өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ №23 мекемесінің қызметкерлері сенбілікке шықты. Тазалау нысаны ретінде Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылындағы балалар алаңы таңдалды.
Горка мен тербелмелі әткеншектері бар бұл аумақ — маңайдағы үйлерде тұратын балалардың сүйікті ойын орны.

Бірнеше сағаттың ішінде алаң аумағы жапырақтардан, құрғақ бұтақтардан, шөптерден және басқа да қоқыстардан тазартылды. Тазалықтан кейін балалар алаңы ретке келтіріліп, көрікті күйге енді. Ендігі үміт — бұл тазалық жергілікті тұрғындардың көмегімен сақталып отырады деген сенім.

Бұл бастама өсіп келе жатқан ұрпақ үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың оң үлгісін қалыптастыруға бағытталған. ҚАЖ қызметкерлері осындай шараларға алдағы уақытта да белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді.

Сенбілікке жалпы 30-дан астам мекеме қызметкері қатысты.

— Мен Шуақ ауылында жиырма жылдан астам уақыт тұрамын. Бір кезде өзім бала кезімде осы балалар алаңында ойнадым, кейін бұл жерде менің балаларым да ойнады. Жыл сайын мекеме қызметкерлері ретінде осы алаңның тазалығы мен тәртібін сақтауға тырысамыз. Мұндай шаралардан ешкім шет қалмауға тырысады, әсіресе бұл балалар ойнайтын және демалатын орындар жайлы болғанда. Әрқайсымыз осы іске үлес қосуға тырысамыз, — деді мекеме бастығының кезекші көмекшісі Ардак Калиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру