Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда гарнизондық жиын өтті

Жетісуда гарнизондық жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаиновтың басшылығымен гарнизондық жиын өтті. Басқосуда қоғамдық тәртіп пен өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған күштердің жұмысын үйлестіру мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиынға полиция департаменті мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №5514 әскери бөлімінің сарбаздары, полицияның қоғамдық көмекшілері және "Жас сақшы" сыныптарының кадеттері қатысты. Мұндай жиындар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Кешенді күштерге өңірдегі жедел ахуал туралы мәліметтер ұсынылып, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыстардың жолын кесу бағытында нақты міндеттер жүктелді. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, іздеуде жүрген тұлғалар туралы бағдарлар берілді.

Жиын барысында облыс аумағында жүргізіліп жатқан республикалық профилактикалық іс-шаралардың барысы жан-жақты сараланып, әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Полиция басшылығы жеке құрамға тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтай отырып, өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру