Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі": Түркістан облысының полицейі марапатталды

ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері арасында "Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі" атты республикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дөңгелек үстелге Түркістан облысы полиция департаменті атынан Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің көші-қон полиция тобының инспекторы Шохрух Баратов қатысты. Қазақы ортада өскен полиция капитаны Шохрух, тәжік ұлтының өкілі болса да, қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді. Іс-құжаттарын қазақ тілінде сауатты жүргізе білетін білікті маман.

Шара кезінде оның көрсеткен белсенділігі мен құқық қорғау саласындағы қажырлы қызметі еленіп, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ҚР ІІМ-нің орынбасары А.Сайтбековтің марапатын иеленді.

- Өз басым қызмет атқару барысында барлық құжаттың қазақ тілінде дұрыс, сапалы орындалуын қадағалаймын. Яғни мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өзімнің тарапымнан үлес қосып келемін. Туып-өскен шаңырағым, араласатын ортам қазақ тілін қолданатындықтан, бұл тілді меңгеру маған қиынға соқпайды, - деп атап өтті Ш.Баратов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру