Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері мерекеге орай концерт ұйымдастырды
Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері мерекеге орай концерт ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының басталуына және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінің қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Қарттарды қолдау мақсатында мекеменің жас қызметкерлері Семей қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында тұратын зейнеткерлер үшін концерттік бағдарлама қойды. Концерттік бағдарламада қазіргі заманғы қазақстандық эстраданың туындылары мен патриоттық әндер шырқалып, Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері мен поэмаларынан үзінділер оқылды. Ұлы ойшылдың шығармалары бірнеше тілде орындалды. Өнерпаздар көрермендерге ұлы ақынның шығармашылық мұрасынан қайтадан шабыт алуға мүмкіндік берді.
Аталған орталық Семей қаласының әкімі бастамасымен ашылған. Мұнда 400-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетіледі. Қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарына қатысып, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тіл курстары, би үйірмелері мен психологиялық тренингтерге қатыса алады. Орталықта қарт адамдардың белсенді күнделікті өмірі үшін барлық жағдай жасалған.
Орталықтың мақсаты – қарт адамдарды белсенді, шығармашылықпен, спортпен және іскерлікпен айналысуға бейімдеу.
– Бұл концерт жайлы мен танысымнан естіп келіп отырмын. ҚАЖ қызметкерлерінің зейнеткерлер үшін ұйымдастырған концертіне өте ризамыз. Жас әншілер мен музыканттардың өнері бізге ерекше әсер сыйлады. Біз бәріміз сүйікті іспен айналысамыз, орындықта отыра бермейміз, дамып, білім алып, денсаулығымызды қадағалап, би билейміз. Біз шабыттанамыз, күш аламыз. Бұл жақындарымызға да ұнайды, – деп бөлісті зейнеткер Айсұлу Мұхтарханова.
– ҚАЖ қызметкерлері әрдайым “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратын ата-әжелерге үнемі қайырымдылық концерттерін ұйымдастырады. Әсіресе жалғызбасты зейнеткерлерге қамқорлық көрсетіп, әртүрлі іс-шаралар аясында қолдау білдіріп отырады. Өйткені үлкенге құрмет көрсету – әрбір адамның адамдық борышы, – дейді Семей қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының меңгерушісі Меруерт Омарова.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 180 жылдық мерейтойын ерекше құрметпен атап өтуді тапсырды. Біздің өңір үшін Абай есімі аса құрметті. Ұлы ойшылдың мұрасы әр халықтың жүрегінде мәңгі сақталады, – деді мекеме басшысы Жеңісбек Дәуренбеков.