Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

27–30 сәуір аралығында Қырғызстан Республикасының Ош қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша Азия чемпионаты және әлем біріншілігі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл турнир 16 елден келген 430 спортшыны жинап, жекпе-жек өнері саласындағы елеулі оқиғаға айналды. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Бангладеш, Сирия, Тунис, Беларусь, Әзербайжан және Италия командалары қатысты.

Тартысты жекпе-жектердің нәтижесі бойынша командалық есепте жүлделі орындар мынадай тәртіппен бөлінді: 1-орын — Ресей Федерациясының құрама командасы; 2-орын — Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының құрама командасы; 3-орын — Қырғызстан Республикасының құрама командасы.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жоғары деңгейдегі дайындық пен жеңіске деген жігер көрсетіп, жекелей сында тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

Лейтенант Жақсылық Шаймердан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, майор Батырхан Әшірбеков 80 келіге дейін салмақ дәрежесінде, капитан Мәдет Сәметаев 97 келіге дейін салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.

Капитан Жандос Әлжанов 54 келіге дейін, капитан Дархан Дәулет 80 келіге дейін, капитан Бақытжан Ахмадов 88 келіге дейін салмақ дәрежесінде 2-орынды иеленді.

Аға лейтенант Алишер Авдонин 54 келіге дейін, майор Әлкен Төлегенов 62 келіге дейін, аға лейтенант Әзімжон Құрбанбоев 73 келіге дейін, аға лейтенант Сапархан Жолшыбек 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3-орынды қанжығаға байлады.

Ұландықтар құрлықтағы және әлемдегі мықты спортшылармен тең дәрежеде иық тіресе алатындарын дәлелдеді. Әр жүлденің артында – табанды еңбек, мықты мінез және шынайы командалық қолдау жатыр. Бұл жеңістер – жай ғана медальдар емес, қазақстандық әскери қызметшілердің рухы мен шеберлігінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын нақты дәлел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру