Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ғазиз Байтасовтың ерлігі — ел жадында

Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз тұрғындары арасында сауалнама ұйымдастырып, қала тұрғындарынан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы қаншалықты білетінін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижелері таңғаларлық болды: қарттардан бастап мектеп оқушылары, жастар да батырдың кім екенін және оның өз өмірін қиып, тұрғындарды лаңкестік қауіптен қалай құтқарғанын жақсы білетін болып шықты.

Мектеп оқушылары мен студенттер сол күндердің қайғылы оқиғаларын еске алып, капитанның батырлығына құрметпен қарады. Сауалнамаға қатысушыларға журналист Тоқнияз Кучуковтың “Капитанның тағдыры” атты кітабы табысталды.

Полиция капитаны 2011 жылы адамдарды құтқару үшін лаңкестің қолындағы жарылғыш затты залалсыздандырып, өзі жанкештілікпен қаза тапқан еді. Ол Қазақстанда “Халық Қаһарманы” атағын алған тұңғыш полицей болды. Оның есімі – ерліктің символына айналды, ал бүгінгі тараздықтардың ықыласы – уақыт ерлікті өшірмейтінін дәлелдеді. Ғазиз — мәңгі тірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру