Ұлы Жеңіске 80 жыл: бала жүректен туған бейнелер
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында ерекше мазмұндағы іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6-13 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары арасында "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты — бала қиялы мен сезімі арқылы тарихқа тағзым етіп, жеңістің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлт рухын дәріптеу. Әр сурет — соғыстың зардабын жүрекпен сезініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.
Барлығы 28 бала қатысқан бұл байқауда жас суретшілер өздерінің әсерлі туындылары арқылы көрермен көңілінен шықты. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
І орын — Құлымбетова Данель
ІІ орын — Таткенова Таифа және Амангелді Алау
ІІІ орын — Жақсылықова Алина, Тлектес Темірлан Айдосұлы
Жүлдегерлер академия бастығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл байқау — өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыруда маңызды қадам болды. Бала жүректен шыққан суреттер — өткен мен бүгінді жалғаған рухани