Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Абай облысында №23 мекеме қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында Абай облысының Жарма ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №23 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Қонақтарға қылмыстық-атқару жүйесінде жұмысқа орналасу үшін 40-тан астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі – дәл осы күні облыстың барлық қала және аудандарында осындай іс-шаралардың қатар өтуі болды. Барлығы 15 ұйым жәрмеңкеге қатысып, пробация қызметінде есепте тұрғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар және NEET санатындағы жастарға арналған жұмыс орындарын ұсынды.

№23 мекеме қызметкерлері келушілерге ҚАЖ жүйесінде қызмет етудің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

— Мұндай жәрмеңкелер – үміткерлерге қызмет ету шарттарын жеке түсіндіруге, бос жұмыс орындары туралы айтып, тұрақты жұмыс табуға көмектесудің тамаша мүмкіндігі. Біз әрқашан ынталы және жауапты кандидаттарды қуана қарсы аламыз, – деді №23 мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Асел Уаисова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру