Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан ІІМ басшысы Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Вьетнам Социалистік Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Лыонг Там Куангпен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге қатысушылар қызмет бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты орнату перспективаларын атап өтті. Сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.

Іс-шара барысында министрлер ведомствоаралық меморандумға қол қойды.

Тараптар серіктестікті жолға қойып, екі ел полициясының оң тәжірибесімен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру