Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейнебақылау экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алуға көмектеседі

Бейнебақылау камералары экологиялық құқықбұзушылықтармен күресте тиімді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Заманауи технологиялар заңсыз қоқыс тастау орындарын, өндірістік қалдықтарды төгу, ағаштарды кесу, су айдындарын ластау сияқты және басқа да экологиялық құқықбұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі алдын алуда маңызды рөл атқарады: камералардың бар екенін білген ықтимал құқықбұзушылар заңсыз әрекеттерге жол бермейді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша республика аумағында 1,3 миллион камера жұмыс істеген, олардың 275 мыңы жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған болатын. Қазіргі уақытта камералар саны шамамен 1,5 миллионға жетіп отыр, оның 370 мыңнан астамы полиция органдарына қосылған.

(Сюжетте полицияға қосылған камералардың аймақтар бойынша саны көрсетілген)

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру