БҚО-да полицейлер ұрланған мотоциклді иесіне қайтарды
БҚО-да полицейлер ұрланған мотоциклді иесіне қайтарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйтерек аудандық полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, үйінің ауласынан Урал мотоциклінің ұрланғанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер мотоциклді ауыл маңындағы орман алқабынан тауып, иесіне қайтарды. Тергеу нәтижесінде қылмысты 22 жастағы ауылдасы жасағаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.