Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД басшысы университет студенттерімен кездесті

Маңғыстау облысы ПД басшысы университет студенттерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ролиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ш. Есенов атындағы университеттің студенттерімен кездесу өткізіп, профилактикалық дәріс оқыды.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың жолын кесу, білім беру мекемелеріндегі буллингтің алдын алу, есірткі бизнесіне тарту қаупі және бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған — дропперлер, яғни өз банктік шоттарын қылмыстық мақсатта үшінші тұлғаларға пайдалануға беретін тұлғалар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.

Студенттер интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерімен, заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жайлы жан-жақты мәлімет алып, киберқылмыстардан қалай қорғану қажеттігін түсінді.

Сағындық Аяғанов өз сөзінде цифрлық сауаттылықтың маңызын, банк карталары мен жеке деректерді пайдалану кезіндегі сақтықтың қажеттілігін ерекше атап өтіп, жастарды қырағы болуға, сондай-ақ күмәнді жағдай туындаған сәтте дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Кездесуден кейін департамент бастығы университет ауласында өткен ағаш отырғызу акциясына қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық пен азаматтық белсенділік үлгісін көрсетті. Бұл игі бастама – тек цифрлық қауіпсіздік емес, табиғатқа қамқорлық пен жас ұрпаққа үлгі болудың көрінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру