Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жастар арасында есірткіге қарсы профилактика жалғасуда

Алматыда жастар арасында есірткіге қарсы профилактика жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында полиция қызметкерлері өскелең ұрпақ арасында белсенді профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Кезекті кездесу 13 мамыр күні Алматы қаласы Ш.Беркімбаев атындағы мектеп-лицей-интернатында өтті. Тәртіп сақшылары білім ұясының оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара есірткіге қарсы әлеуметтік бейнероликтің көрсетілімімен сүйемелденді.

Жұмыс жастар арасында есірткіге деген қатты жеккөрініш қалыптастыруға, оны қолданудың зияны мен ауыр құқықтық зардаптары туралы хабардар етуге бағытталған. Дәрісте мәселенің медициналық, әлеуметтік және құқықтық аспектілері қамтылды.

- Осындай кездесулердің жастармен өткізіліп тұруы бекер емес. Бұл біздің болашағымыз, біздің іргетасымыз. Нашақорлық пен есірткі таратудың алдын алу - ортақ міндет. Біз өскелең ұрпақты біліммен, сыни ойлаумен және өмірге қауіп төндіретін жағдайға "жоқ" дей алатындай берік ұстаныммен қаруландыруымыз керек, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру