Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция велосипед ұрлығынан сақтану шараларын еске салады

Полиция велосипед ұрлығынан сақтану шараларын еске салады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемгі велосипед маусымының басталуымен қалада екі дөңгелекті көліктердің ұрлану фактілері жиілеп кетті. Күдіктілер әдетте велосипедтер иесіз қалғанда – тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендер мен көшелерде – ұрлық жасайды.

Мәселен, полиция қызметкерлері велосипед ұрлығы дерегін әшкереледі: таңертең ерте 32 жастағы ер адам куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйдің ауласынан құны 100 мың теңгеден асатын Trinx велосипедін  ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.

Полиция тұрғындарға келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
• велосипедті тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз;
• сенімді құлыптар мен қарсы ұрлық құрылғыларын қолданыңыз;
• велосипедті қозғалмайтын заттарға бекітіп қойыңыз.

Күдікті адамдарды немесе ұрлық фактілерін байқасаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру