Павлодарда киберқылмыспен күрес жолдары пысықталды
Павлодарда киберқылмыспен күрес жолдары пысықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әбеновтың төрағалығымен киберқылмыспен күреске арналған ведомствоаралық семинар өтті.
Іс-шараға Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген тергеушілер мен жедел қызмет өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, IT-компаниялар мен ұялы байланыс операторларының мамандары қатысты.
Семинар барысында интернет-алаяқтықтарды тергеу әдістері, криптовалюталармен жұмыс жүргізу, SIM-box құрылғыларын анықтау, дербес деректер мен цифрлық активтерді қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, семинар соңында киберқауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.