Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Абай облысында жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық мәдениетін арттыру. Жасөспірімдер сот процесінің нақты тәртібімен танысып, сот жүйесінің қызметін тікелей бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Сот залында өткен шынайы отырыс арқылы балалар өз әрекеттерінің салдарын бағамдауға, заң алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай тәжірибе құқықтық сана мен азаматтық көзқарасты қалыптастыруға, заңға деген құрметті нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Полиция мен прокуратура өкілдері аталған бастаманың жасөспірімдер қылмысының алдын алудағы рөлін жоғары бағалап, болашақта осындай форматтағы шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды. Бұл – өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттыру мен қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру