Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында осы жылдың 23 мамырына дейін жалғасатын "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсаты: құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, шетелдіктердің болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау.

— Аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні өңірдің полицейлері 91 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 65 шетелдік азамат және еліміздің 26 азаматы.
Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылды, — дейді Павлодар облысының ПД.

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 7 фактісі жойылды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер жауапқа тартылды.

Мысалы, Екібастұз қаласындағы полиция қызметкерлері Абай көшесінде орналасқан наубайханалардың бірінде үш шетелдік азаматтың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады. Материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу және анықтау жөніндегі жұмыс жалғасады.
Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру