Павлодарда тәркіленген есірткі мектеп оқушыларының көзінше жойылды
Павлодарда тәркіленген есірткі мектеп оқушыларының көзінше жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдары оқушыларға есірткіге қарсы күрестің нақты үлгісін көрсетті.
Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғарғы сынып оқушыларына арнайы жедел шаралар барысында заңсыз айналымнан алынған 12 келі марихуананың жойылу процесін көрсетті. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтарға қатысты еліміздің қолданыстағы заңнамаларын түсіндіріп, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік жалпы жағдайда 16 жастан, ал кейбір ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 14 жастан басталатыны да еске салынды.