Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

Астанада полицейлер балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полициясының мамандандырылған батальон қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және "Жасөспірім" жедел-алдын алу шарасы аясында балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары балаларға көшеде және жаяу жүргіншілер өткелінде жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіріп, жолда өзін қалай ұстау керектігі жөнінде пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар жасөспірімдерге арнап жол қозғалысы ережелері көрнекі түрде бейнеленген арнайы ақпараттық буклеттер таратылдыАталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жаз мезгілінде жиі кездесетін жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Полиция ата-аналарды балаларын жолда дұрыс жүріп-тұруға баулуға, сондай-ақ өздері де үлгі болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру