Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында нашақорлыққа қарсы күреске арналған каратэ турнирі өтті

Абай облысында нашақорлыққа қарсы күреске арналған каратэ турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарма ауданының Қалбатау ауылында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай каратэден ауқымды турнир өтті. Турнирге Семей, Өскемен, Павлодар және Бесқарағай ауданынан келген 200-ден астам жас спортшы қатысып, салауатты өмір салтының жарқын үлгісін көрсетті.

Аталған спорттық іс-шара — Абай облысында бастау алған нашақорлықтың алдын алуға бағытталған айлық акцияның алғашқы кезеңі. Алдағы уақытта өңірде түрлі спорттық жарыстар, түсіндіру жұмыстары, жастармен кездесулер мен мотивациялық семинарлар өткізілмек.

— Біздің басты мақсатымыз — тек салдарымен емес, мәселенің түп-тамырымен күресу. Ал спорт – жастарды зиянды әдеттерден қорғаудың ең тиімді жолы. Күш-қайрат пен тәртіп арқылы қалыптасатын өмірлік құндылықтар – болашақтың негізі, — деді Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қамза Тілек.

Каратэ турнирі қатысушылар үшін жарыс алаңынан бөлек, ерік-жігердің, тәртіп пен салауатты өмірге деген ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды. Бұл бастама жастарды спортқа баулу арқылы нашақорлықтың алдын алудағы маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру