Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық көлік қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Алматыда қоғамдық көлік қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері қоғамдық көліктердің қатысуымен 234 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 304 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

"Заң және тәртіп" қағидаты мен Ішкі істер министрлігі жариялаған "Профилактика жылы" аясында Алматы қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарды тексеру жұмыстары жалғасуда. Бұл тексерулер көлік құралдарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, сондай-ақ олардың жұмыс және демалыс кестесін қадағалауға бағытталған.

Бүгін таңертең Бостандық ауданында полиция қызметкерлері қалалық қоғамдық көлік бағыттарына қызмет көрсететін автопарктердің бірін тексерді. Тексеру барысында көлік құралдарының техникалық жағдайы мен жүргізушілердің құжаттары мұқият қаралды.

- Жолаушылар қауіпсіздігі – полиция қызметкерлері үшін басты басымдық. Қоғамдық көлік бағыты бойынша әрбір сапарды жүргізуші мен көліктің жағдайын тексеруден бастау қажет. Біз бұл жұмысты тасымалдаушылармен тығыз байланыста жалғастырамыз, – деп атап өтті Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру