Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда "Мен полиция боламын" және "Менің ата-анам полицей" балалар сурет байқауы өтті

Жетісу облысы полиция департаментінде "Мен полиция боламын" және "Менің ата-анам — полицей" тақырыптарына арналған жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған полиция қызметкерлерінің 30 баласы қатысты. Әрбір қатысушы өз туындысында патрульдік көліктерден бастап қызметтік иттерге, адамға көмек көрсету мен қоғамдық тәртіпті қорғау сәттеріне дейінгі әртүрлі сюжеттерді бейнелейтін шығармаларын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға ғана емес, отбасылық құндылықты нығайтып, тәртіп сақшысының кәсібіне деген құрмет сезімін кішкентайынан қалыптастыруға бағытталған.

— Мұндай жарыстар балаларға ата-аналарының маңызды қызметіне қатыстылық сезімін сыйлайды және оларға болашақта дұрыс жол таңдауға демеу болады, — деді ұйымдастырушылар.

Сурет байқауы — полиция жасақтары отбасыларын бір арнаға тоғыстырып, патриотизм мен заңға құрмет рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру