Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті

СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

№51 мекемеде “Қақпа алдындағы кездесу”әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды. Сол күні бірден үш сотталған азамат бостандыққа шықты. Оларды қарсы алуға туған-туыстары, жақындары мен достары келді — олар ұзақ уақыт бойы күтіп, қолдау көрсетіп, сенім артқан жандар.

Іс-шараға сондай-ақ Айыртау аудандық пробация қызметінің және Мансап орталығының өкілдері қатысты. Олар босап шыққандармен әңгімелесіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және жұмысқа орналасуға көмектесуге дайын екендерін жеткізді.

Босап шыққандардың бірі үшін бұл күн ерекше маңызға ие болды: ол мекемеге келген кезде мүлде құжаты болмаған. Алайда мекеме қызметкерлерінің қолдауының арқасында ол жеке куәлігін қайта қалпына келтіріп, бүгінде жаңа өмірге нақты мүмкіндіктермен аттанып отыр.

Іс-шараға мекеме бастығының орынбасары Куаныш Ашкенов те қатысты. Ол босап шыққандардың туыстарымен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және жақындарының қолдауы – адамның түзеліп, қоғамға қайта бейімделуінде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

“Қақпа алдындағы кездесу” жобасы жаңа өмірге алғашқы қадамның қолдау мен сенімнен басталатынын дәлелдейді. Бұл – сотталған азаматтардың еркіндіктің қадірін ұғынып, түзелу жолына түсуі үшін мекеме қызметкерлері атқарған үлкен әрі маңызды жұмыстың нақты көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру