Полиция профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізіп жатыр
Полиция профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында тәртіп сақшыларымен жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Осы ретте Шардара ауданында өткен шарада полицейлер профилактикалық есепте тұратын 120 тұлғаны мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ қоғамдық салаға қатысты 48 әкімшілік құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 52 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға жол жүрісі ережесін қатаң сақтап, жолда өзінің және өзгенің өміріне жауапты екендіктерін ұмытпауды сұрайды.