Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да кешкі мектепті тәмамдаған сотталғандарға аттестаттар табысталды

Батыс Қазақстан облысында №28 мекемеде кешкі мектепті тәмамдағандарға аттестаттар табысталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде кешкі жалпы білім беру мектебін табысты аяқтаған сотталғандарға салтанатты түрде аттестаттар табысталды.

Мерекелік ахуалда өткен іс-шара барысында бітірушілерге жүрекжарды тілектер айтылып, білім алудың — түзелуге, жеке дамуға және болашаққа сеніммен қадам басуға бастайтын маңызды кезең екені ерекше атап өтілді.

Салтанатты жиында мекеме бастығының орынбасары Азамат Байбулатов құттықтау сөз сөйлеп, білімнің тек оқу процесі ғана емес, сонымен қатар адамның тағдырына оң өзгеріс әкелетін қуатты құрал екенін атап өтті. Ол ұстаздарға ерекше алғысын білдіріп, сотталғандарға көрсеткен тәлім-тәрбиесінің маңызын атап өтті.

Өз кезегінде бітірушілер де ұстаздарға және мекеме әкімшілігіне шынайы алғыстарын білдіріп, өздеріне көрсетілген сенім мен мүмкіндік үшін ризашылықтарын жеткізді. Олар алған білімнің болашаққа деген сенімдерін нығайтып, жаңа өмірге үмітпен қарауға жол ашқанын айтты.

Аталған іс-шара — сотталғандарды оңалту және қоғамға бейімдеу бағытындағы кешенді тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Білімге бет бұрған әрбір адам – жаңа өмірге ұмтылған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру