Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарды интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция қызметкерлері азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақтануға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала тұрғындары мен қонақтары арасында алдын алу шарасын өткізді. Арбат алаңында ұйымдастырылған түсіндіру жұмыстары барысында полицейлер азаматтарға интернет және телефон алаяқтарынан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Азаматтарға арнайы парақшалар таратылып, онда алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері мен сақтану шаралары жазылған. Құқық қорғау органдары бейтаныс адамдармен телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерде сөйлескен кезде, жеке мәліметтерді, банктік деректерді, CVV-код пен бір реттік құпия сөздерді ешкімге бермеу қажеттігін ескертті.

Әсіресе, отбасының егде жастағы мүшелерімен алдын алу бағытындағы әңгімелер жүргізудің маңыздылығына назар аударылды. Себебі алаяқтар көбінесе сенімге оңай кіретін зейнеткерлерді нысанаға алады.

– Біздің басты мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды тергеу емес, сонымен қатар олардың алдын алу. Қазіргі уақытта алаяқтар интернет кеңістігінде белсенді әрекет етуде. Сондықтан әрбір алматылық қырағылықтың – ең сенімді қорған екенін ұмытпауы тиіс. Ал полиция әрқашан қасында болып, қажетті ақпаратты уақтылы ұсынуға дайын, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру