Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД басшылығы түнгі уақытта қызмет атқарып жүрген полицейлерді мерекемен құттықтады

Қызылорда облысы ПД басшылығы түнгі уақытта қызмет атқарып жүрген полицейлерді мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының қызметі ерекше құрметке лайық.

“Заң мен Тәртіп” ұлттық бастамасы аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы түнгі уақытта қызмет атқарып жүрген полицейлерді кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтап, оларға алғысын білдірді.

Мереке күндері Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимге көшетіні белгілі. Тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктелген.

Қызмет барысында жүрген полиция қызметкерлеріне жылы лебіздер айтылып, олардың кәсіби адалдығы мен жанқиярлық еңбегі атап өтілді. Бұл бастама — азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тәулік бойы қызмет ететін тәртіп сақшыларына деген халық ризашылығының көрінісі.

Полиция қатарындағы әр қызметкердің отансүйгіштігі мен борышына деген жауапкершілігі — мемлекетіміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру