Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция киберқауіптер туралы "Drop" әлеуметтік фильмін ұсынды

Алматы қалалық ПД киберқылмыспен күрес басқармасы Алматы қаласындағы "Тұран" университетімен және ҚР ІІМ академиясымен бірлесіп, азаматтарды алаяқтық тізбектерге тартудың өзекті мәселесіне арналған "Drop" әлеуметтік фильмінің тұсаукесерін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Режиссер Диас Әзімжанов Turan Film базасында түсірген фильмде дропперлер – банк шоттары арқылы басқалардан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыратын адамдар туралы баяндалады. Көбінесе, дропперлер қылмысқа сыбайлас болып жатқанын түсінбейді.

Қаржылық алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі – дроппер қызметін ұсыну. Заңға қайшы әрекеттерге ұрынбау үшін келесі ережелерді есте сақтаңыз:
1.Банк карталарыңызды, құпия сөздеріңізді, шоттарыңызды немесе ЖСН-ді ешкімге, тіпті таныстарыңызға да бермеңіз.
2.Біреудің атына шот ашуға немесе карта рәсімдеуге келісу – қылмысқа апарар алғашқы қадам.
3.Интернетте сізге бөгде адамның ақшасын "тез әрі оңай" шешіп беру ұсынылса – бұл алаяқтық болуы мүмкін. Сақ болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру