Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жазғы лагерьде интернет қауіпсіздігіне арналған танымдық кездесу өтті

Атырау облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға арналған танымдық кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану дағдыларын үйрету, оларды ғаламтордағы алаяқтық пен зиянды ақпараттардан сақтандыру.

Полиция қызметкерлері балаларға интернетті пайдалану кезінде абай болудың маңыздылығын түсіндіріп, бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, жеке деректерді жарияламау сынды негізгі қауіпсіздік ережелерін ойын арқылы жеткізді. Арнайы дайындалған көрнекі материалдар мен қызықты тапсырмалар балалардың қызығушылығын оятып, ақпаратты оңай қабылдауына мүмкіндік берді.

Кездесу барысында "Интернеттегі қауіпсіздік" тақырыбында викторина өткізілді. Балалар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Танымдық ойындар арқылы олар ғаламторда қауіпсіз әрекет етудің маңызын жақсы меңгеріп, есте сақтады. Сонымен қатар патрульдік полиция қызметкері балаларға қызметтік автокөлікті таныстырып, тәртіп сақшысының қызметі жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар Атырау облысы полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың интернеттегі қауіпсіздікке деген жауапкершілігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру