Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткіге қарсы ерекше байқау ұйымдастырылды

Павлодарда есірткіге қарсы ерекше байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілуде, оның аясында облыс оқушылары арасында "Есірткісіз әлем" тақырыбында сурет байқауы өтті. Балалар сурет арқылы салауатты өмір салты туралы өз көзқарастарын ұсынып, есірткіге теріс көзқарасын білдірді.

– Қылмыскерлер, маскүнемдер, басқа да жаман адамдар болмас үшін әдемі ауылда тұрғым келеді. Үлкендер есірткіден бас тартса, әлем тамаша мекенге айналады деп ойлаймын, – дейді байқауға қатысқан №2 Ертіс орта мектебінің оқушысы Мәдина Рахаева.

– Мен де достарымның дені сау болып, спортпен шұғылданғанын қалаймын. Мен олардың әртүрлі жағымсыз нәрселерді пайдаланғанын қаламаймын. Бізге есірткінің салдары туралы айтты - бұл өте қорқынышты. Достарымды жоғалтқым келмейді, – дейді мектеп оқушысы Сабина Баяз.

Балаларға салауатты өмір салтын ұстану, денсаулыққа деген қамқорлық, шылым шегуге, ішімдік пен есірткіге төзбеушілік туралы айту маңызды.

- Баланың бойында жаман әдеттерге деген өшпенділік сезімін тәрбиелеу үшін бала кезінен бұл қауіптің қауіптілігін қол жетімді түрде түсіндіру керек деп есептеймін, - деп атап өтті Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Төлеген Алпысбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру