Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды шара ұйымдастырылды

Жезқазған қаласында нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн қоғамды есірткінің қауіптілігінен сақтандыруға және оған қарсы күрестің маңыздылығын арттыруға бағытталған. Осыған орай Ұлытау облысының орталығында да салауатты өмір салтын насихаттайтын ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Ұлытау Облысының полиция департаменті нашақорлықпен күреске елеулі үлес қосып жүрген белсенді жастарды марапаттап, оларға алғысын білдірді. 

Мерекелік кеште қазақ эстрадасының танымал әншілері – Мәди Қадыров пен Зарина Омарова өнер көрсетіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.  Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу және қоғамды зиянды әдеттерден сақтандыру.

Концерттік бағдарлама барысында нашақорлықтың қауіптілігімен қатар, соңғы кездері кең таралып келе жатқан алаяқтықтан сақтану шаралары да айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру