Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жастар есірткіге қарсы": Талдықорғанда кітап көрмесі ұйымдастырылды

Талдықорған қаласындағы "Жастар" саябағында Халықаралық нашақорлықпен және есірткі қылмысымен күрес күніне орай "Біз есірткіге қарсымыз!" ұранымен кең көлемді акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция аясында "Есірткіге жол жоқ" атты сурет көрмесі мен салауатты өмір салтын насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастар арасында спорттық жарыстар өткізілді.

Шара басталар алдында қатысушыларға есірткіге қарсы ұрандар жазылған футболкалар мен бас киімдер таратылды. Одан кейін "Біз есірткіге қарсымыз!" атты парад пен "Наркостоп" флешмобы ұйымдастырылды.

Акцияда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев пен құқық қорғау органдарының өкілдері белсенді қатысушыларды марапаттады. Шараның ең әсерлі бөлігі – арнайы мақсаттағы "Арлан" жасағы және жылдам қимылдайтын арнай жасақ – ЖҚАЖ қызметкерлерінің көрсеткен қолма-қол ұрыс және кинолог қызметкерлерін қылмыскерді ұстау әдістері, сондай-ақ қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды іздеу тәсілдері көрсетілген көріністер болды.

Бұл акция – жастарды есірткіден аулақ болуға үндейтін және сауатты, салауатты қоғам құру жолындағы маңызды қадамға жол ашқан маңызды күн болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру