Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай шара ұйымдастырылды

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Атырау қаласында есірткіге қарсы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және "Тәуелсіз өмір" жастар қозғалысының бірлескен бастамасымен өтті.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — жастар мен қоғамның назарын есірткі мәселесіне аудару, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстаудың маңызын ұғындыру және дені сау, белсенді ұрпақ тәрбиелеуге үн қосу.

Мерекелік жиынға Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов, Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, сондай-ақ өңірге белгілі қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында есірткіге қарсы күресте белсенділік танытқан кибер еріктілер мен қоғам белсенділері Атырау облысы полиция департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Арнайы жасақ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс пен өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ түрлі спорттық қойылымдар мен қауіпсіздік бағытындағы көрсетілімдер көрермен назарына ұсынылды. Сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын тапты.

Бұл шара жастардың саналы көзқарасын қалыптастырып, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру