Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай іс-шара өткізді

СҚО-да полиция қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полицейлер Петропавл көшелерінде "Есірткіге жол жоқ!" ұранымен жүгіру акциясын өткізді.

Салауатты өмір салтын ұстанатын түрлі жастағы 300-ден астам азамат 3 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәре сызығына алғашқы болып жеткен 50 жеңімпаз үшін СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұтыс лотереясын өткізді. Олар естелік сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушыға грамоталар мен медальдар табыс етілді. Жарыс облыстық әкімдіктің спорт басқармасы және "Болашақ" корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Ал 26 маусымда Петропавлдың басты алаңында мерекелік концерт өтті. Оның ашылуында СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев есірткі қаупімен күресу үшін қоғамды біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Ашық аспан астында қала тұрғындары таңғажайып от шашуды, ЖҚАЖ жауынгерлері мен қызметтік-іздестіру иттерінің түрлі қырларын, жас әртістердің вокалдық нөмірлері мен бишілердің мың бұралған билерін тамашалады. Есірткіге қарсы күреспен айналысатындардың ұдайы түрде өткізетін әсерлі, тартымды іс-шаралары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруға, "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамды біріктіруге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру