Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балаларға арналған ашық есік күні өтті

Алматыда балаларға арналған ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң және Тәртіп” имидждік-идеологиялық науқаны аясында Алматыда Қазақстан полициясы күніне орайластырылған ашық есік күні өтті.

Шараны Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет орталығы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Түрксіб ауданы Community-орталығының қатысуымен ұйымдастырды.

Балалар полицияның жұмысымен, арнайы техникамен танысты, қауіпсіздік техникасы бойынша интерактивті оқу іс-шараларына қатысып, қызметкерлерге қызықтыратын сұрақтарын қоя алды.

Іс-шараның мақсаты – Заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқықтық сананы тәрбиелеу және құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру