Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ПД қызметкері қазақ күресінен күміс жүлде алды

Павлодар облыстық ПД қызметкері қазақ күресінен күміс жүлде алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының атынан қазақша күрестен өнер көрсеткен полицей Қанағат Ыдырышев елдің үздік балуандары жиналған мықты қарсыластар арасында өз мықтылығын дәлелдеді. Полицей қызыл кілемге өзге өңірлерден келген әріптес-спортшылармен шығып, белдесуде жеңіске жетті.

73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қанағат кәсіби қарсыластарынан басым түсіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

– Қазақ күресі – бұл тек күш пен шеберлік емес, сонымен қатар шыдамдылық, ептілік және сәл де болса сәттілікті қажет етеді. Әрбір қатысушы қарсыласын жеңу үшін бар шеберлігін, спорттық амалдарын, айласын қолданды. Тек физикалық емес, психологиялық жағынан да қиын болды. Қарсыластар өте дайын келген, көбісі спорттық разряд иегерлері. Олармен күресу оңай болмады, бірақ өте қызықты өтті. Бұл жолы мен екінші орынға көтерілдім, бірақ келесі жолы алтын үшін күресемін, – дейді Қанағат.

Қанағат Ыдырышев – еркін күрестен спорт шебері, қол күрес, әскери самбо және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру