Жол қозғалысына қатысушыларға интернет-алаяқтықтан сақтану тәсілдері түсіндірілді
Атырау облысында жол қозғалысына қатысушыларға интернет-алаяқтықтан сақтану тәсілдері түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн сауда жасау, қаржылық операцияларды орындау, түрлі қызметтерді үйден шықпай-ақ алу — бүгінде үйреншікті жағдай.
Осыған орай, Атырау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында азаматтарға алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері: жалған онлайн сауда платформалары, банк қызметкері болып қоңырау шалатын алаяқтар, танымал қосымшалар арқылы деректерді ұрлау жолдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде тоқтатылған көлік жүргізушілеріне интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, олардың белгілері мен сақтану жолдары жазылған арнайы жадынамалар таратылып, сақтық шаралары айтылды.