Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары талқыланды

Жетісу облысында есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдар Әбдікеновтың төрағалығымен Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовтың төрағалығымен бейнебайланыс форматында өткен республикалық кеңестің отырысына қатысудан басталды. Министрлік деңгейіндегі жиында еліміз бойынша нашақорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.

Республикалық отырыстан кейін өңірлік кеңес мүшелері Жетісу облысы бойынша екінші тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, осы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарға бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Кеңес барысында есірткі қылмыстарына қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қоғамды кеңінен жұмылдыру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Кеңес мүшелері алдағы кезеңде іске асырылатын бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтап, негізгі бағыттарды нақтылады.

Жиын соңында кеңес төрағасы нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында белсенділік танытқан қоғам белсенділерін марапаттады.

Аталған отырыс есірткіге қарсы күресте азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастық орнатудың, ортақ мүддеге бірлесіп күш салудың аса өзекті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру