Павлодарлық ұрланған әшекейлерін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді
Павлодарлық ұрланған әшекейлерін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласы ПБ жедел уәкілдері Раймбек Керуенов, Арман Серікқалиев және Диас Қайыровқа алғыс айтылған хат келіп түсті.
— Құқықтық тәртіп қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекеттері үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Оларға зор денсаулық, отбасыларына бақыт және еңбектерінде табыс тілеймін, - деп жазды Азелла Рамазанова.
Белгілі болғандай, қала тұрғыны үйінде алтын зергерлік бұйымдарының жоғалғанын анықтады. Әйел дереу полициядан көмек сұрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ұрланған мүлікті тауып, заңды иесіне қайтарып берді.
— Алғыс сөздер — полицейлердің күнделікті өміріндегі жарқын сәттер. Әрбір тәртіп сақшысы - қиын жағдайда адамдарға көмектесу керек дейді, — полиция қызметкерлері.