Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жүргізушілерге жолдағы тәртіпті еске салды

Абай облысында полицейлер жүргізушілерге жолдағы тәртіпті еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар ауданындағы Таскескен – Бақты тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері түнгі профилактикалық рейд өткізді. Бұл жолы тексеру шарасы ерекше форматта өтті: полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, ыстық кофе ұсынып, жол қауіпсіздігі жайлы ескертті.

Игі шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Түнгі мезгілде көлік жүргізушінің шаршауы, ұйқышылдығы апатқа себеп болуы мүмкін. Сол себепті тәртіп сақшылары жүргізушілерге өмір мен қауіпсіздіктің маңыздылығын еске салды. Полицейлер көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, белгіленген жылдамдықтан асу және ұйықтап кетудің салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір жүргізушіге ұсынылған ыстық кофе – бұл полицияның тек қадағалау емес, қамқорлықты да мақсат еткенінің белгісі.

- Біз жүргізушілерді жазалау үшін емес, олардың аман-есен үйлеріне жетуіне жағдай жасау үшін қызмет етеміз, - дейді тәртіп сақшылары.

Ұмытпаңыздар, сақтық пен жауапкершілік — қауіпсіздік кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру