Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Абай облысында "Авиценна" Жоғары медициналық колледжінде "Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері" тақырыбында студенттермен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Авиценна" Жоғары медициналық колледжінде студенттер үшін "Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері" тақырыбында ақпараттық-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысы полиция департаментінің профилактика жұмыстарын үйлестіру басқармасының бастығы Асет Асқаров қатысып, студенттерге құқықтық білім мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері қарастырылып, заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның міндеті емес. Бұл – барлық әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлескен жұмысы. Біз әр отбасы мен азаматқа нақты көмек көрсетуді басты міндет етуіміз қажет, – деді А.Асқаров.

Іс-шарада "Құқық бұзушылықтар профилактикасы" туралы жаңа заңның негізі жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік органдар мен қызметтердің үйлесімділігін күшейту бағыттары нақты көрсетілді.

Кездесудің қорытындысында студенттерге заңды сақтау, құқықтық сауаттылық және белсенді азаматтық позицияның маңызы ескертіліп, жергілікті деңгейде бірлескен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру шаралары қолға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру