Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер 200-ге жуық медицина қызметкерімен кездесу өткізді

Жетісуда полицейлер медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ халық пен мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдің денсаулық сақтау саласының мамандарымен профилактикалық іс-шара өткізді.

Кездесу Талдықорған қаласындағы көпбейінді аурухана базасында өтті. Шараға 200-ге жуық медицина қызметкері қатысты. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, қаскөйлердің әрекет ету тәсілдері және сақтану жолдары туралы түсіндірді.

Қатысушыларға жеке деректерді қорғау және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кеңестер жазылған ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды. Шара аясында аудандық медициналық мекемелер де ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қосылып, қатысу мүмкіндігіне ие болды. Киберқылмыстардың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру