Қызылордада ата-аналар жиналысында жасөспірімдер қауіпсіздігі талқыланды
Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы М.Сейіл ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, №282 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиналыстың негізгі тақырыбы – жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестердің алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері топтық жанжалдардың туындау себептері, олардың құқықтық салдары және алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар интернет алаяқтықтың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желілердегі арандатушылық әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Ата-аналарға балаларымен ашық қарым-қатынас орнату, олардың ортасын бақылау және кез келген күмәнді жағдайларға бейжай қарамау қажеттігі ескертілді.
Мұндай профилактикалық кездесулер – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды шара.
