Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәжікстанда ТМД елдерінің жас жол инспекторларының халықаралық байқауы басталды

Худжанд қаласында "Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz Тәжікстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Байқауға ТМД-ға мүше жеті елдің - Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Беларусь республикаларынан келген командалар қатысуда.

Бұл сайыс жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыруға, оларға жол жүрісі қағидаларын үйретуге, сондай-ақ жастар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.

Командалар сахнаға кезекпен шығып, саптық дайындық және әскери дағды элементтерін көрсетті.

Байқауды ұйымдастыру комитеті достық, бейбітшілік пен өзара түсіністік рухын көрсететін мазмұнды мәдени бағдарламаны дайындады. Оның аясында ТМД елдерінің салт-дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктері таныстырылды.

Айта кетейік, бұл байқау ТМД елдерінің жас жол инспекторларының III Мемлекетаралық слеті аясында 15–20 шілде аралығында Тәжікстанның Соғды облысына қарасты Гулистон қаласында өтеді.

Байқау барысында қатысушылар бірнеше номинациялар бойынша бақ сынайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру