Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол – қателікті кешірмейді: полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады

Полицейлер көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының күрт ысуына байланысты полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуға кеңес беруде. Атап айтсақ, Ақмола облыстық патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар, сондай-ақ Астана – Қабанбай батыр – Теміртау автожолдарында арнайы профилактикалық іс-шара жүргізіп жатыр.

– Көлік жүргізіп келе жатып шаршау байқалса, ұйқы қысса, жол шетіне тоқтап, дем алып алған жөн. Жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі – басты құндылық. Күн қатты ыстық болғандықтан тәртіп сақшылары беті-қолды жууға немесе салқындап алу үшін суық су ұсынып жатыр, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы 1-взвод командирі Айбек Тулеубаев.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде ел азаматтарына жолда көлік жүргізу кезінде тәртіпті сақтап, алыс сапарға шыққанда көліктің техникалық жай-күйін тексеруді ұсынады. Сонымен қатар өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

– Құрметті жүргізушілер, сіздерді үйде отбасыңыз күтіп отыр. Сондықтан да жол үстінде асықпай, шаршаған сәтте міндетті түрде тынығып алыңыздар. Полиция әрдайым халықпен бірге, – дейді Айбек Тулеубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру