Заң мен тәртіп: Қостанай облысының ПД бастығы жұмыс сапарымен аудандарға барды
Қостанай облысының ПД бастығы жұмыс сапарымен аудандарға барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин жұмыс сапарымен Жітіқара, Қамысты, Қарасу және Сарыкөл аудандарында болды. Сапардың басты мақсаты – жергілікті жерлердегі жедел жағдаймен танысу, аудандық полиция бөлімшелерінің жұмысындағы проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру болды.
Сапар барысында Ерлан Файзуллин азаматтарды жеке қабылдаудан өткізді. Тұрғындар қоғамдық тәртіпті сақтау және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтармен жүгінді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, жекелеген мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін нақты тапсырмалар берілді.
Сапар аясында полиция қызметкерлерінің тәртібі мен қызметтік этикасы, кәсіби біліктілікті арттыру, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ерлан Файзуллин полиция қызметкерінің жергілікті жерлердегі жұмысының сапасы азаматтардың қауіпсіздігіне және құқық қорғау жүйесіне деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті.
Облыстық департамент басшысы аудандық полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын да тексерді. Ғимараттар мен қызметтік автокөліктерді аралау барысында жөндеуді қажет ететін учаскелер анықталды.
— Бірқатар нысандар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, — деді Ерлан Файзуллин.
Жұмыс сапары барысында жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдерімен кездесулер өтті. Ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және құқық қорғау органдарының инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Басты тақырыптардың бірі Жітіқара қаласында Жедел басқару орталығын салу болды. Бұл жоба оқиғаларға жедел әрекет етуді жақсартып, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары іскерлік және мазмұнды форматта өтті. Сапар қорытындысы бойынша Ерлан Файзуллин полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға және материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.