Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция есірткі таратпақ болған күдіктіні қолға түсірді

Оралда полиция есірткі таратпақ болған күдіктіні қолға түсірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын мүліктік және бұзақылық қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Тексеру кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған, оқшаулау лентасымен оралған 13 түйіншек, Zip-пакеттері мен электронды таразы тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тәркіленген затты жасырын орындарға қалдырып, таратпақ болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оның ішінде есірткі жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған шаралар қолға алынды.

Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы — ауыр қылмыс болып саналады және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, сондай-ақ есірткіге қатысты кез келген күдікті жайттар туралы полицияға хабарлауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру