Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер мешіт жамағатына интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді

Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша мешітке келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды жалған ақпараттардан хабардар ету мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында орналасқан Түркістан-Ахмет Ясауи мешітінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2500-ге жуық адамды қамтыған шара барысында полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары мен алаяқтардың айла-амалдары, сондай-ақ дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы және онлайн-төлемдер жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы айтты. Полицейлер азаматтарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу, бейтаныс нөмірлерге жауап бермеу және бөгде адамдарға банктік шоттар мен жеке деректерді ұсынбау туралы қарапайым ережелерді ескертті.

Сондай-ақ шараға қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша пайдалы ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратты. Өз кезегінде тәртіп сақшылары мұндай шаралардың қаржылық сауаттылықты арттыруға және киберқауіпсіздік саласындағы заманауи қауіптен халықтың хабардар болуына ықпал ететінін, ал сақтық шараларын орындау өздерін және жақындарын интернеттегі алаяқтық әрекеттерден қорғауға көмектесетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру